Балалар кітапханасының маманы С.Нурманова Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тақырыптық күн аясында «Мен және заң» атты құқықтық білім сабағын өткізді.
Іс-шараға мектеп-лицейінің 6 Б сынып оқушылары қатысты.Кітапхана маманы Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры-Ата заң туралы,балалар құқығы мен міндеттері туралы түсіндірді. «Сен білесін бе?» атты сайыс-байқау ұйымдастырылды. Бала құқығына байланысты слайд көрсетілді. « Елдің гүлденуі,табысы және еркіндігі » атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.