Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
Модельдік балалар кітапханасы,"Өз қолымызбен жасайық!", кітапханадағы қолөнер
Модельдік балалар кітапханасында жылдағы дәстүр бойынша «Балалар және жасөспірімдер кітаптарының апталығы» атты кітап апталығы өз мәресіне жетіп,қорытынды марапаттауы өтті.Бір апта бойы жалғасқан кітаптарға арналған балалар мерекесінде Макинск қаласының барлық мектептерінің белсенді оқушылары іс-шараларға жарыса қатысты.
Өздерінің білетіндері мен білмейтіндерін ортаға салған кітапхана мерекесінің жабылу салтанаты да жоғары деңгейде өтіп, "Өз қолымызбен жасайық!" атты кітапханалық қолөнер ұйымдастырылды.Апталықты өткізу кезінде іс-шаралардың түрлі формалары қолданылды.Мектеп кітапханашылары бірлесе отырып, ойын алаңында конкурстар мен ойындар ойнатып,кітап оқыту дәстүрін тағы да жаңа бағытқа бұра білді.Іс-шара соңында өте белсенді қатысушылар мен кішкентай оқырмандарға мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар сыйланды.Балалар мерекесіне орай арнайы демеушілігі мен қолдауын көрсеткен Бұланды аудандық мәслихат депутаты Жандыбаев Ринат Серікұлына айрықша алғысымызды білдіреміз.




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.