Танымдық сағат «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы»

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхана маманы ,Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ел бірлігіне, достыққа, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күйде өз білімдерін ортаға салды. Қазақстандағы ұлттар достығы мен бейбіт өмір туралы деректі видео көрсетілді. Оқушылар бірлік, достық, ынтымақ тақырыптарындағы қазақша мақал-мәтелдерді жатқа айтып, мағынасын түсіндірді. Әр ұлттың ұлттық тағамдары туралы шағын зерттеу жұмысын ұсынып, қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар көгершіннің пішінін қиып, оның үстіне Қазақстан халқына арнаған тілектерін жазып, арнайы плакатқа жабыстырды. Бұл жұмыс бірлік пен татулықтың символына айналды. Түрлі ұлттардың киімдерін киіп әр киімнің шығу тарихы мен ерекшелігін таныстырды.Іс-шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.