Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 жылдың 20 – қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22- қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күніне арналған көптеген іс- шаралар өткізілуде.
Осы мерекеге орай, Бұланды ауданы кітапханасының кітапханашысы Сулайманова Айнұр №5 орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында әдеби – танымдық сағаты өткізілді. Оқушыларға тілдер туралы ақпараттар беріліп, тілдерді меңгеру бойынша әр түрлі сауалдамалар өткізіліп, ана тіліне деген сүйіспеншілігі жоғары екенін көрдік. «Тіл – бірлік пен татулық кепілі» атты кітап көрмесі жасалып, шолу жүргізілді
.