2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды.
Мақалада Елбасы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту мәселесіне кеңінен тоқталған. Осы орайда модельдік аудандық кітапханасының маманы Сулайманова Айнур Балуан Шолақ мектеп – лицейдің 9 сынып оқушыларымен «Ұлы даланың жеті қыры» - ұрпаққа ұлағат атты жастар пікірталасын өткізді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өз ой – пікірлерін ашық жеткізе алды.