Жобаның өзектілігі: Өлкетану, бүгінде біздің кітапхана жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып саналады. Дәстүрлі түрде өлкетануды кітапханалық зерттеудің міндеттері мыналар болып табылады: материалдар жинау және оқырмандарға өз қаласының немесе аймақтың тарихы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат беру, оқырмандардың туған жерге деген қызығушылығын дамыту, кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу; қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, туған жердің жазушылары мен ақындарының шығармашылығымен танысу. Кітапхана ұрпақ арасындағы жоғалған тарихи байланысты, яғни отбасы және оның жақындары, туған қаласы ның және  кітапхананың өткені туралы білімді іздеуге және бекітуге көмек көрсетіп, олардың сабақтастығын қалпына келтіреді. Мұндай жұмыс адамдарды позитивті әлеуметтік-психологиялық «білім алуға» қайнарына, өзін-өзі сәйкестендіру тәсіліне айналады. Өлкетану - жас ұрпақты патриоттық-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды ресурсы. Өз жерін біле отырып, пайдаланушылар өздерінің кішігірім Отанын сүюді және бағалауды үйренеді, өзін ерекше біліммен байытады және аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесін түсінеді. 




«Адалдық алаңы» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеуге барлығы қатыса алатын ашық алаңға айналды. 
Осы жоба аясында 13 - ақпанда модельдік аудандық кітапханада «Парасат жолы» орталығы модельдік балалар кітапханасымен бірге ашылды, онда «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ - біздің ортақ мақсатымыз» атты көрме-үндеуі ұйымдастырылды. Орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс істейді: адалдық, әділеттілік, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау. Сонымен қатар өзекті мәселелерді талқылау мен кездесулер өткізіледі.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханада модельдік балалар кітапханасымен бірлесіп «Айналайын» жасөспірімдер клубы мүшелерінің, Макинск қаласы гимназия мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» тақырыбында салт-дәстүр сағаты болып өтті. Іс-шара шашу шашылып,ән айтумен басталды. Негізгі бөлімде ұлттық ойындар, наурыз мерекесінің тарихы, «Шашбау» тағу салты көрсетіліп, домбырада ән айтылып, бұрымды қыздар би билеп іс-шара жақсы көңіл күйде ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық құндылықтар, ата-баба дәстүрі туралы көптеген мәліметтер алды.

Модельдік орталық аудандық кітапханада Ж.Ташеновтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» тақырыбында тарихи портрет кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары тақырып бойынша материалдар, кітаптар, энциклопедиялар топтастырылған көрмемен танысып, көптеген мәліметтер алды.

18 наурыз 11:00 де модельдік орталық аудандық кітапханада «Жылы сөзбен бір бірімізді жылытамыз» тақырбында ашық есік күні болып өтті. Іс - шараға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Шара шашу шашылумен басталды. Негізгі бөлімде наурыз мерекесінің тарихы баяндалып, қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысты. Іс – шара қызықты өтіп наурызға арналған дастарқанмен аяқталды. Белсенді қатысқан қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.

17 наурыз модельдік орталық аудандық кітапханада «AMANAT» партиясы филиалымен бірлесіп «Еңбек адамы – елдің байлығы» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Бұланды аудандық маслихатының төрағасы Сексенов Н.Б, «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы Хожабай Р.Т, "Бұланды Ақпарат" газетінің редакторы Аманжолова А.Е, «ХПП Арна» жұмысшы мамандары, қатысты. Кездесу барысында шара қонақтары өз мамандықтары жайлы айтып, еңбек жолындағы қызықты да маңызды мәліметтермен бөлісті. Бұланды аудандық мәдениет үйі қызметкерлері ән шашуларын арнады. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу фотосессиямен аяқталды.

Жастардың білім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына септігін тигізетін көптеген білім ошақтары бар. Солардың бірі аудандық кітапхана. Оқушыларды жаңа келіп түскен кітаптармен таныстырып, кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы «Кітаппен дос болайық» кітап кеші ісшарасын өткізді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханасында Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымымен "Арулар - асыл жандар" атты мерекелік кеш өткізілді.

      9 қаңтарда ауданымыздың құрылғанына 100 жыл толды. Бұланды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында «Тарихқа оралу» жобасын жүзеге асыру аясында «Туған жер сырын ашады» атты тарихи экскурсия болып өтті. Шараға қаланың қарттары Жеүсіпбков Төлеубек Жүсіпбекұлы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры Қожақанов Бектас Темірғалиұлы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Тұртанова Биғайша Еслямбекқызы және №1 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қатысты.

Биыл Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл. Бұланды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Макинск қаласының мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларымен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ілияс Есенберлиннің даналық ойлары» атты әдеби қонақжайлылық өткізді. Ол Қазақстандағы ең көп оқылатын автор болып саналады. Шара барысында Ілияс Есенберлиннің өмірінің кезеңдері туралы әңгіме айтылып, «Көшпенділер» туралы бейнеролик тамашалап,оқушылар «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»атты викторинасына белсене қатысты.