7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай модельдік орталық аудандық кітапханасында «Нағыз ер азаматтар Отанға қызмет етеді» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді. Іс-шара патриоттық бейнеролик көрсетумен басталды, онда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тарихы мен қазіргі жетістіктері баяндалды. Шара жүргізушілері қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын және шығу тарихын баяндады. Қатысушыларға төтенше жағдайдағы әрекеттерді бейнелейтін көрініс ұсынылды. Бұл бөлімде оларға нақты өмірлік жағдайлар ұсынылып және шешім қабылдау қабілеттері сыналды. Қатысушыларға әскери қызмет, патриотизм және азаматтық борыш туралы сұрақтар қойылып, олар өз пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында патриоттық ән орындалып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.