Модельдік балалар кітапханасының мамандары- Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерей тойына арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс- шараға Макинск қаласы мектеп гимназиясының 5-7 сынып оқушылары қатысты. Іс- шара барысында кітапхана мамандары – 9 мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған «Ешкім де еш нәрсе ұмытылмайды» атты видеоролик көрсетіп, соғыс майдандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс- шарада оқушылар ұлы жеңіске арналған өз өлең шумақтарын көрермендерге ұсынды. Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.