Поэзия кеші «Туған өлкем – тұнған тарих»

Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында жергілікті ақындармен «Туған өлкем — тұнған тарих» тақырыбында әсерлі поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс шара барысында ақындар туған өлке, ел мен жер туралы жүрек тебірентерлік өлең шумақтарын оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар жүргізушінің мазмұнды сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық жолдары, шабыт көздері және поэзияның қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісті.
Поэзия кешіне мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, әдеби кештің көркін қыздырды. Оқушылар ақындардың өлеңдерін қызығушылықпен тыңдап, рухани тағылым алды.
Кеш барысында «Жас қанат» ақындар үйірмесінің шәкірттері сахна төріне шығып, «Туған жер» әнін орындап, шараның әсерін одан әрі арттыра түсті.
Поэзия кеші қатысушыларға туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.