7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары «Қасиетті борыш — Отан қорғау» тақырыбында танымдық патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштері туралы мағлұмат беріліп, батырларымыздың ерлігі жайында әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына Отан қорғау, ерлік пен батырлық жайындағы әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар арасында сұрақ-жауап, викториналық ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды. Шара соңында қатысушылар Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіп, өз ризашылықтарын білдірді.