Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы — бірлік пен бейбітшіліктің кепілі» атты танымдық сағат дайындап, өткізді. Іс-шараға № 1 жалпы білім беретін мектептің 3 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Жүргізуші қатысушыларды мерекенің тарихы мен маңызымен таныстырып, кейін тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Алынған білімді бекіту мақсатында «Менің Отаным — Қазақстан» атты викторина өткізілді.Танымдық сағат барысында балалар әртүрлі тапсырмаларға белсенді қатысты: түрлі ұлт өкілдерінің бейнелері бар пазлдарды құрастырды, жұмбақтар шешті, сондай-ақ достық пен өзара түсіністік тақырыбына арналған «Иә немесе жоқ» ойынына қатысты.Іс-шара аясында «1 мамыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ол балалардың Қазақстан халықтарының мәдени әралуандығы мен дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.Шара соңында оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, халықтар достығы мен көпұлтты бірлікті бейнелейтін суреттерді бояды. Өткізілген іс-шара жас ұрпақтың бойында құрмет, толеранттылық және халықтар арасындағы достық сезімін қалыптастыруға, қоғамдағы бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.Кездесу соңында фотосессия ұйымдастырылды.