Модельді балалар кітапханасында «Кітапты аш — әлемді аш» атты әдеби саяхат өтті. Жас оқырмандар кітапханаға қызықты кітаптар, жаңа білімдер мен тартымды оқиғаларды іздеп келді. Балалар кітап жаңалықтарымен қызығушылықпен танысып, түрлі-түсті иллюстрацияларды тамашалап, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдады. Кездесу балаларға кітап — қиял, білім және таңғажайып жаңалықтар әлеміне бастайтын жолсерік екенін көрсетті. Әрбір ашылған кітап — армандауға, білуге және әлемді жаңаша тануға шабыт беретін жаңа саяхаттың бастауы!