Бұланды ОКЖ- нің  орталық модельдік  аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқылау бойынша «Ел бірлігі үшін ұмтылу» атты  ашық әңгіме  өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы мемлекет дамуының негізгі басымдықтары мен бағыттарын таныстырды; мақаланың маңызды тармақтарына назар аударды. Қатысушылар Мемлекет басшысының мақаласында айтылғандай, сенімді қадамдармен алға жылжу үшін заманауи Қазақстан құрылысындағы табыстарды насихаттау маңызды деген ортақ пікірлерін білдірді