Өлкетану жұмысы - өткеннен тамыр тартқан және болашаққа апаратын үздіксіз процесс, оның мақсаты ұрпақ байланысын қамтамасыз ету, тарихи мұраларды, білім мен дәстүрлерді сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның да, тұтастай алғанда бүкіл қоғамның да жан-жақты рухани, интеллектуалды және мәдени дамуына жағдай жасау. Биыл Макинск қаласының құрылғанына 76 жыл. 1945 жылы 18 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен жұмысшы Макинка ауылы аудандық басқаруындағы қалаға айналды және оған Макинск атауы берілді. Пайдаланушылардың тарихты, мәдениетті зерттеуге қызығушылығын тудыру, «Тарихқа оралу» жобасы шеңберінде кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышты, жергілікті құндылықтарға деген құрметке тәрбиелеу мақсатында, модельдік орталық аудандық  кітапхананың мамандары «Кіші отанға деген сүйіспеншілік» атты виртуальды қала серуенін  дайындап әлеуметтік желілерге  жүктеді. 
Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор екендігі бәрімізге белгілі. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.
    Модельдік балалар кітапханасының белсенді окырмандары   «Алдар Көсе туралы аңыздар»  атты ертегі калейдоскопына қатысып, оқушының ойлау, қиялдану, әсерлену, елестету қабілеттерін дамыту мақсатында  ертегі кейіпкерлерін және мазмұнын бейнеледі.

"Әлем таныған Абай" онлайн-жобасы аясында Ұлы қазақ ақынының шығармашылығымен танысу, адамға және оның ішкі әлеміне деген қызығушылықты, отандық тарих пен мәдениетке деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу; азаматтық ұстанымды, адамгершілікті, отансүйгіштік  сезімін қалыптастыру мақсатында модельді орталық аудандық кітапхананың мамандары әлеуметтік желілерде "Абай мұрасы - мәңгілік мұра" атты виртуалды кітапханалық бағытын дайындап, жүктеді. 


4 маусым –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер –бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның негізгі атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұран. Отансүйгіштік  сананы қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Отан мүддесін қорғаудағы азаматтық парызды орындауға дайын болуды қалыптастыру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары "Ел тарихындағы мемлекетік рәміздер" атты виртуалды патриоттық сағатын әзірлеп, әлеуметтік желілерге жүктеді.