Өлкетану жұмысы - өткеннен тамыр тартқан және болашаққа апаратын үздіксіз процесс, оның мақсаты ұрпақ байланысын қамтамасыз ету, тарихи мұраларды, білім мен дәстүрлерді сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның да, тұтастай алғанда бүкіл қоғамның да жан-жақты рухани, интеллектуалды және мәдени дамуына жағдай жасау. Биыл Макинск қаласының құрылғанына 76 жыл. 1945 жылы 18 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен жұмысшы Макинка ауылы аудандық басқаруындағы қалаға айналды және оған Макинск атауы берілді. Пайдаланушылардың тарихты, мәдениетті зерттеуге қызығушылығын тудыру, «Тарихқа оралу» жобасы шеңберінде кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышты, жергілікті құндылықтарға деген құрметке тәрбиелеу мақсатында, модельдік орталық аудандық  кітапхананың мамандары «Кіші отанға деген сүйіспеншілік» атты виртуальды қала серуенін  дайындап әлеуметтік желілерге  жүктеді.