Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан Республикасы «Ұлттық теңге» күніне орай 
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 4"Б« сыныбы оқушыларының қатысуымен 
еркін форматтағы экономикалық сағатын өткізді.Оқушылар жас шамалары кішкентай болғанымен
 ұлттық теңге мен ұлттық құндылықтар жайында көкейінде жүрген сұрақтарын қойып.бірінен-бірі асып түсіп теңге және әлемдік валюталар жайлы жарыса айтып, 
айрықша белсенділіктерін танытты.Кітап көрмесіндегі балаларға арналған қаржы туралы
 кітаптарға қызығып,кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 
болғысы келетіндерін айтып,қуаныштарын жасырмады.