Модельдік балалар кітапханасы мамандары 2022 жылдың алғашқы жаңа түскен әдебиеттеріне арнап,оқырмандарға жаңадан түскен әр түрлі жанрдағы кітаптарды кеңінен насихаттау, жаңадан түскен кітаптарды пайдаланушылардың оқуы мен пайдалануына жан-жақты ықпал жасау,балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту,"Балалар жылы" аясында сауаттылықты арттыру мақсатында "Жақсы кітап-жан азығы" атты виртуальды таныстырылымын жариялайды. Жаңа түскен әдебиеттер қатарында бүлдіршіндерге арналған таөпақ,жаңылтпаш,әңгіме-ертегілермен қатар,тарихи,қазақ поэзиясының және әлем әдебиетінің жауһарлары бар.Жаңа кітаптар өз оқырмандарын күтетініне және тез арада ойы ұшқыр,сауатты оқырмандарме қауышатынына сеніміміз мол.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақтың көрнекті ақыны, қазақ поэзиясының Жезкиігі атанған ірі мемлекет қайраткер Кәкімбек Салықовқа арналған "Кәкімбек-қара өлеңнің жезкиігі" атты әдеби-мемуарын ұсынады. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып айналған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған, КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ор-дендерімен, көптеген медальдармен марапатталған ардақты Көкше өңірінің ақынының өміршең өлеңдерін,ғұмырлы мұраларын насихаттау баршамыздың мақсаты.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған "Қазақ сахнасының аңызы" атты әдеби-музыкалық калейдоскобын ұсынады. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарса аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды. Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз. (Жалпы,өнер,мәдениет туралы білгілеріңіз келсе,біздің кітапханамыздың әдебиет әлеміне сапарға шығыңыздар!)