Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына орай денсаулық зор байлық екенін ұғындыру,өскелең ұрпақты денсаулық сақтауға дәріптеу, "тәні саудың-жаны сау" деген ұғымдарды үйрету мақсатында ашық аспан астында тұрақты оқырмандармен "Денсаулық үшін әр сәтті қалт жібермейміз" атты әдеби-спорттық калейдоскоп ұйымдастырды.Тұрақты оқырмандар белсенділік танытып, керемет көңіл-күйде болды.