Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарға жалпы халыққа жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында не айтылғандығын, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету,патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында "Президенттің жолдауы-жаңашылдықты қолдауы" атты патриоттық сабақ өткізді.Патриоттық сабаққа оқушылар белсене ат салысып,өз ойларын ортаға салды.Жолдаудың басты бағыттары ашық түсіндіріліп,оқушылардың көкейлеріндегі сұрақтарына жауап боларлықтай мәліметтер айтылды.Президент жолдауына байланысты көрнекті материалдармен таныстырылды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Тілдер мерекесіне орай "Тілдер үштүғырлығы- жаңа заман талабы" атты танымдық сағат ұйымдастырды.Іс-шараға Балуан Шолақ мектеп-лицейінің оқушылары қатысып,ана тілдің адам өміріндегі маңызы,қадір-қасиеті туралы сөз қозғалып,тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге тоқталды. Іс-шараға арналған кітап көрмесі таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылдың 22 қарашасында  қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы Балуан Шолақ мектеп лицейінің 8 сынып оқушыларымен «Еңбек түбі-береке» атты ашық әңгіме сағатын өткізді.
Біз жазамыз, біз туралы жазады Кітапханаға саяхат// BULANDY AQPARAT – 2022. – 16 қыркүйек – 2 б.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Елім-ай" клуб мүшелерімен бірлесіп оқырмандардың Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін тексеру, тиянақтау және пысықтай отырып оқушылардың
тапқырлықтарын шыңдау, сөйлеу мәнері мен өз ойларын еркін
жеткізе алу қабілеттерін дамыту, төл тарихымыздағы және өз өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар мен ұлт зиялыларын ұлықтау, оқырмандарды патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында "Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар" тақырыбындағы тарихи-танымдық сағатын өткізді.Іс-шараға Балуан Шолақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары қатысып,тарихи тұлғалар туралы өз білімдерімен бөлісті.Атаулы іс-шараға арналған кітап көрмесімен танысты.

2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Осы орайда Бұланды орталық аудандық кітапханасында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты ток-шоу өтті.

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін тиянақтау, танымдық белсенділіктерін дамыту. Балалардың өсімдіктер, жануарлар, жыл мезгілдері туралы білімдерін қорытындылау.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы  №2 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының мақтанышы» атты әдеби – сағат өткізді. Іс шара барысында жүргізуші  А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына толықтай тоқталып, викториналық сұрақтар қойды. Оқушылар ақынның өлең шумақтарын мазмәнерлеп оқыды. «Жазушы және өмір» тақырыбында кітап көрмесі жасалды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандардың ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу , ізденушілік пен тапқырлыққа, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында "Кітапхана еліне саяхат" атты интелектуалды ойынын өткізді."Балдырған" балабақшасының бүлдіршіндері белсене ат салысып,қызықты тапсырмалар орындады.Тақырыпқа сай кітап көрмесімен танысып,өз кезектерінде ризашылықтарын білдірді.Естелік суретке түсіп,кітапхананың қатты ұнатқандарын жеткізді.