Модельдік балалар кітапханасы мамандары "Балалар қолдарының сиқыры" үйірмесінің кішкентай мүшелерімен әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, бейнелі ойлай білу, өз ойларын өнер туындысына айналдыра білу, шығармашылық, жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында "Ертегі кейіпкерлері" атты сиқырлы қолөнер сабағы өткізді.Кішкентай оқырмандар қағаздан ертегі кейіпкерлерінің бейнесін қиып,өздерінің қиялдарына ерік берді.Шара барысында қазақ және әлемдік ертегі кейіпкерлері туралы әңгіме қозғалды.Бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлері жайлы қуана-қуана айтып берді.

Бұланды атындағы орталық кітапхананың орталық модельдік аудандық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Орта Азияға ортақ тұлға» портрет сағат өтті. Ісшараға қатысушылар Кеңес өкіметі жылдарында еңбек етіп, ел ағарту саласының дамуына үлес қосқан Жүргеновтің қайраткерлік істеріне тоқталды.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне 
ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында аудандық "Шәкәрім оқулары" байқауының іріктеу кезеңін өткізді.Байқауға Макинск қаласының мектеп оқушылары қатысып,тізім бойынша берілген өлеңдерді жаттады.Іріктеуден сүрінбей өтіп,оқ бойы озып шыққан қатысушылар облыстық кезеңге жіберілді.Барша қатысушыларға алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті: адалдықты, инабаттылықты, әділеттілікті қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау мақсатында Бұланды орталық модельдік аудандық  кітапханасында «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әңгіме сағаты өтті. Ісшара Бұланды аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, мемлекеттік қызметшілер, ӨСБ – 8 жеке құрамы және жастар ресурстық орталығының жастарының қатысуымен өтті. 

Модельдік балалар кітапханасында оқырмандардың білімдерін дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой - өрісін, есте сақтау, ойлау танымдық қабілеттерін дамыту,сонымен қоса өзі сері, өзі ақын әрі батыр, халық композиторы,Кеңес дәуірінде қудалау көрген,ешкімге басын имей өткен күрескер тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы жайында толыққанды ақпарат беру,оның тарихи тұлғасын санасларына сіңіру мақсатында "Қазаққа аты мәлім Иманжүсіп" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.Танымдық сабаққа жас оқырмандарымыз қатысып,сал-серілік жайлы әңгіме қозғалды.Шара барысында Иманжүсіп Құтпанұлының шығармашылығы таныстырылып,оқырмандарға тұлғалық келбеті айқындалып жеткізілді.


2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Капизина А. Жаңа әдебиет әлеміне саяхат // BULANDY AQPARAT – 2023. –  20 қаңтар. – 1 бет.