15 наурыз – жайлау күні. Дәл осы күні табиғат анаға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, тұрғындар көшет егіп, қоқыстан тазарту шараларын ұйымдастырады. Шырайлы Шығысқа кеш келетін көктем мезгілі бұл игілікті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенімен, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мерекенің мәні мен маңызы зор. «Бір тал кессең, он тал ек»,«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» — деп дана халық айтпақшы, табиғатты аялау,қорғау бізге де жүктелген міндет.Осыған орай Модельдік балалар кітапханасы мамандары алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, айналадағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.