20 наурыз – Зияткерлік күні. Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. 
Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,әдет-ғұрыптар туралы толыққанды мәлімет беру мен оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында "Ата салтымызды ардақтайық!" тақырыбында фольклорлық кемпірқосағын өткізді.Мерекелік іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтылып,оқырман қауым өздері білетін салт-дәстүрлері жайлы баяндап берді.Әсем әуенмен әрленіп,ұлттық нақышта безендірілген,ұлттық киіммен сәнденген мерекелік іс-шарада оқырмандар ұлттық ойындарымыз "Бес асық","Асық ату" ойындарын ойнап,бұрымды қаракөз қарындастарымыз шаш өру үлгілерін көрсетті.Асқа бата беріліп,дастарқаннан дәм татылды.