Қазақ ұлтшылдығының, қазақ күресінің, қазақ интеллигенциясының көрінісі болған Алаш қозғалысына – бір ғасырдан асып келеді. Алаштықтар армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткізген заманда осындай маңызды күнді ескерусіз қалдырғанымыз ұрпаққа сын.  Еліміздің түкпір-түкпірінде, қала, аудандарда түрлі іс-шаралар өткізіліп, Алашорда қозғалысының мән-маңызы насихатталып жатыр. Осы орайда Модельді орталық аудандық кітапханасында «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» оқырмандар конференциясы өткізілді. Ісшара  Модельдік балалар кітапханасының маманы Дагиман Еламан  мен мектеп оқушылары Алаш зиялыларының жиналысынан көрініс  көрсетіп, ақындардың өлең шумақтарын оқумен басталды.


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Ырыс қайда барасың? Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөзді ту еткен халқымыз береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында  өмір сүріп келеміз.