Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық және модельдік балалар кітапханасының мамандары «Өлке шежіресіндегі есім» әдеби-сазды композициясын өткізді. Ісшараға: мәдениет бөлімінің бас маманы, тілдерді оқыту орталығының басшысы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, түрлі ұлт, дін өкілдеріне төзімділік пен құрмет, рухани мәдениетті қалыптастыру мақсатында Макинск қаласының мектеп-лицейінде ішкі саясаты бөлімі мен модельдік орталық аудандық кітапхана бірлесіп «Рухани келісім – бірлікке бастар жол» әңгіме сағаты өтті.