Қазіргі уақытта руханилықты жандандыру, өз халқының мәдениетін зерттеу, өзінің "кіші Отанының" өткені мен бүгінін зерттеу, азаматтың және өз елінің патриотының адамгершілік тұлғасын қалыптастыру үшін руханилықты қалпына келтіру қажеттілігі өткір сезілуде. Бала кезінен кіші Отанға және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу керек.Партизанка ауылдық кітапханасында «Тарих шежіресінің шақыруы» инновациялық жобасы әзірленді. Бұл жоба іздестіру және ақпараттық қызметті көрсетуді көздейді.
Жоба мақсаты:
1. Пайдаланушыларды біздің ауылдың тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру.
2. Патриотизм мен азаматтықтың ерекшеліктерін қалыптастыру, руханилыққа тәрбиелеу
Жоба міндеттері:
1. Ауылдың өткені мен бүгінін зерттеу
2. Туған ауыл туралы өлкетану білімі арқылы патриотизмді тәрбиелеу
3. Туған өлкеге деген танымдық қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту; өлкенің тарихы мен мәдениетін білу
4. Қолданушы арасында іздестіру және ақпараттық жұмысы
Жобаны іске асыру мерзімі: 2020-2022 ж.ж
Жоба тәртібі:
Іс-шаралар әр тоқсанда өткізіледі
Іс-шараларды өткізу нысандары:
-зияткерлік викториналар
-өлкетану репортаждары
-өлкетану калейдоскобы
-слайд саяхаты
Күтілетін нәтиже:
-осы жобаны іске асыру барысында кітапханаға келушілер саны артады
-келушілер өлкетану бойынша құнды ақпараттық ресурсын алады
-жоба өлкетану бойынша кітапхананың ақпараттык жұмысын арттыруға ықпалын тигізеді
2021 жылға арналған ісшаралардың жоспары
- «Туған жерге саяхат» слайд-саяхаты – ақпан.
- «Өлке жылнамасындағы есім» ақпарат - шығарылымы – сәуір.
- «Туған өлке тарихының белгісіз беттері» өлкетану сандықшасы – маусым.
- «Мен бұл жерді Отан деймін» бейне- слайд – тамыз.
- «Менің өлкемнің әдет-ғұрыптары» өлкетану диалогы – қазан.
- «Туған жердің табиғатында» экологиялық серпентин – желтоқсан.