Танымал жаңалықтар
«Өлке шежіресіндегі есім» әдеби-сазды композициясын

Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық және модельдік  балалар кітапханасының мамандары «Өлке шежіресіндегі есім» әдеби-сазды композициясын өткізді.

Ісшараға: мәдениет бөлімінің бас маманы, тілдерді оқыту орталығының басшысы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Ісшараның жүргізушілері Сулайманова Айнұр мен  мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Қуаныш Қихметова  Балуан Шолақтың көркем шығармалардағы тарихи тұлғасы, ақынның өмір жолы, Балуан Шолақ ақынның өмір жолы туралы мықты да  белгілі   балуан ретінде әңгімеледі. Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері  «Күрес» жарысын көрсетуден бастады. Гимназия оқушылары «Балуан Шолақтың Ғалиямен кездесуі» қойылымын қойды. «Ғалия» әнін Балуан Шолақ атындағы мектептің музыка пәнінің мұғалімі Амангелді Айтуған орындады. Мектеп-гимназиясының оқушысы Бермахамбет Бейбарыс «Мен халықтың балуан Шолағымын» өлеңін оқыды. Ісшара барысында бейнероликтер мен «Балуан Шолақ» фильмінен үзінді көрсетілді. 

«Халықтың ұлы баласы» атты кітап  көрмесін  ұйымдастырды.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.