Танымал жаңалықтар
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: тарихи мұра және болашақ

 

Технологиялық прогреске оранған заманауи әлемде біз өткен дәуірдегі көптеген мәдениеттердің ата-бабаларының табиғатымен және дәстүрімен тығыз байланысты болғанын кейде ұмытып кетеміз. Десек те, көшпеліліктің бай тарихы бар ел Қазақстанда бірегей оқиға – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқылы ежелгі әдет-ғұрыптар жаңғыртылуда. 

Қалалық жастарға арналған модельдік орталық аудандық кітапханада кітапханашы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: тарихи мұра және болашақ» атты диалог алаңын өткізді. Ісшара барысында жүргізуші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тарихына тоқталып, оның алғаш рет Қырғызстанда өткенін, ал биылғы жылы ойындардың 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында біздің Қазақстан Республикасында өткенін айтты. «Бәйге», «Көкпар тарту», «Қыз қуу», «Күме алу», «Алтыбақан», «Асық ату» сияқты ойындарға қысқаша тоқталды. Жүргізуші мен қатысушылар арасында ашық диалог болып, олар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан алған әсерлерімен бөлісті, мерзімді басылымдардағы материалдармен танысып, бейнероликтерді тамашалады. Іс-шараның мақсаты: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын таныстыру, бауырлас халықтардың мәдени жақындасуына ықпал ету және әлемдегі этникалық спорттың дамуына қосымша серпін беру.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.