Танымал жаңалықтар
Отбасы... Бұл сөзде мағына көп

Отбасы күні – мәдени құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, руханиятты сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндетті жүзеге асыру мақсатында жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда тойланатын мереке.

Модельдік орталық аудандық кітапханада «Отбасы... Бұл сөзде мағына көп» атты отбасылық қарым-қатынас сағаты өтті. Шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы, аналар кеңесінің төрайымы, жастар ресурстық орталығы және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Шара жүргізушілері жиналғандарға Отбасы күні туралы айтып берді. Шара барысында ашық диалог өтті. Жиналғандардың әрқайсысы іс-шара жүргізушілерінің сұрақтарына жауап берді, отбасы туралы естеліктермен және отбасылық бақыт құпияларымен бөлісті. Біздің іс-шараның қонақтары жиналғандармен отбасының қалыптасуы, отбасылық құндылықтары мен дәстүрлері туралы бөлісті: Бапишевтер отбасы, Марченко отбасы өз отбасылары, отбасында қалыптасқан құндылықтары мен дәстүрлері туралы әңгімеледі. Отбасылар арасында «Бірге тату жанұя» сайысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Меңдібаева Клара Тұңғышқызы қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
 Мереке көңілді әуен, бейнероликтер және «Дені сау отбасы – салауатты ел» слайд-презентациясымен қосылды. «Отбасы – өмірдің басты белгісі» атты көрме-арнау жасалды. Көрмеде әдебиеттерге шолу жасалды.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.