Өлкетану жұмысы - өткеннен тамыр тартқан және болашаққа апаратын үздіксіз процесс, оның мақсаты ұрпақ байланысын қамтамасыз ету, тарихи мұраларды, білім мен дәстүрлерді сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның да, тұтастай алғанда бүкіл қоғамның да жан-жақты рухани, интеллектуалды және мәдени дамуына жағдай жасау. Биыл Макинск қаласының құрылғанына 76 жыл. 1945 жылы 18 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен жұмысшы Макинка ауылы аудандық басқаруындағы қалаға айналды және оған Макинск атауы берілді. Пайдаланушылардың тарихты, мәдениетті зерттеуге қызығушылығын тудыру, «Тарихқа оралу» жобасы шеңберінде кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышты, жергілікті құндылықтарға деген құрметке тәрбиелеу мақсатында, модельдік орталық аудандық  кітапхананың мамандары «Кіші отанға деген сүйіспеншілік» атты виртуальды қала серуенін  дайындап әлеуметтік желілерге  жүктеді. 
Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор екендігі бәрімізге белгілі. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.
    Модельдік балалар кітапханасының белсенді окырмандары   «Алдар Көсе туралы аңыздар»  атты ертегі калейдоскопына қатысып, оқушының ойлау, қиялдану, әсерлену, елестету қабілеттерін дамыту мақсатында  ертегі кейіпкерлерін және мазмұнын бейнеледі.

"Әлем таныған Абай" онлайн-жобасы аясында Ұлы қазақ ақынының шығармашылығымен танысу, адамға және оның ішкі әлеміне деген қызығушылықты, отандық тарих пен мәдениетке деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу; азаматтық ұстанымды, адамгершілікті, отансүйгіштік  сезімін қалыптастыру мақсатында модельді орталық аудандық кітапхананың мамандары әлеуметтік желілерде "Абай мұрасы - мәңгілік мұра" атты виртуалды кітапханалық бағытын дайындап, жүктеді. 


4 маусым –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер –бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның негізгі атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұран. Отансүйгіштік  сананы қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Отан мүддесін қорғаудағы азаматтық парызды орындауға дайын болуды қалыптастыру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары "Ел тарихындағы мемлекетік рәміздер" атты виртуалды патриоттық сағатын әзірлеп, әлеуметтік желілерге жүктеді.

Ұлы ақын, әдебиеттанушы, түрколог, дипломат, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың  туғанына 85 жыл толуына орай модельдік  орталық аудандық  кітапхананың мамандары  "Халықтың ардақты ақыны"атты виртуалды әдеби - визиткасын дайындап, әлеуметтік желілерге жүктеді.
Іс-шараның мақсаты: белгілі ақынның өмірі мен шығармашылығындағы туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; отанға деген патриоттық сезімге баулу, аға буын өкілдеріне деген құрметті қалыптастыру.

15 мамырда әлемде 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұланды орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің модельдік  орталық аудандық кітапханасының мамандары сіздердің назарларыңызға әлеуметтік желілерде «Отбасы - бақыт ошағы» атты видео презентация әзірлеп, іске қосты.
Іс-шараның мақсаты:   Ісшараға қатысушылардың  отбасындағы  әр адамның өміріндегі рөлі туралы ойларын кеңейту, ата-аналарға, отбасылық құндылық пен дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу;әр  отбасына  деген  мақтанышты қалыптастыру.

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Патриотизм сезімін, азаматтық сананы қалыптастыру, қазақстандық армия қатарында қызмет етуге деген көзқарасты қалыптастыру мақсатында Бұланды орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің модельдік орталық кітапханасының мамандары Отан қорғаушылар күніне арналған «Армияның күші және ел мақтанышы» бейнеролигінің форматында  виртуалды тарихи саяхат дайындап әлеуметтік желілерге қосты. 

Қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, басқа халықтардың салт - дәстүрлерін құрметтеу, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары әлеуметтік желілерде "Қазақстан достық пен татулық мекені"  атты бейне презентациясын дайындап, назарларыңызға ұсынады. 

Жер бетінде көптеген керемет және таңғажайып жерлер бар, олар өздерінің сұлулығымен таң қалдырады, белгісіз күшпен өзіне тартады. Біздің әрқайсымыздың өзіміздің кіші Отанымыз бар. Көптеген ақындар мен жазушылар өз шығармаларын соған  арнайды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және «Тарихқа оралу» инновацияық жобасын іске асыру аясында Бұланды ОКЖ- нің модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары әлеуметтік желілерге сіздердің назарларыңызға  "Кіші Отан туралы өлең айтамыз" виртуалды поэтикалық жұлдызшаны дайындады. Кітапханашы мен оқырманның орындауында жерлес ақын Қаратаев Ермек Балташұлының кіші Отан туралы, патриотизм туралы өлеңдері оқылды. 

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мейрамдары ғасырлар бойы дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері бар. Әр ұрпақ әкелерінің өмірі туралы білуі, ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын есте  сақтауы керек. Ағаш тамырсыз өсе алмайтыны сияқты, адам да өз отбасының, қаласының, елінің тарихынсыз өмір сүре алмайды. Әр отбасы - жеке мемлекет. Мемлекеттің негізін қалаушы, оны басқарушы, отағасы - әкесі. Отбасының рухани және материалдық жағынан мықты болуы әкесіне байланысты. Әке - үлкен күш пен шыдамдылықтың иесі. Әкенің өсиеттері мен ілімдері маңызды. Жас ұрпақ бойында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, аға ұрпақты құрметтеу, қазақтың ырым-тыйымдары мен дәстүрлері туралы ой-өрістерін кеңейту мақсатында  Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапхансының мамандары сіздер үшін әлеуметтік желілерде «Әке дәстүрі – ұрпаққа сын» атты  бейне презентацияны  дайындап, назарларыңызға ұсынады