Модельдік балар кітапханасы мамандары бұландылық жас ақындармен және 
модельдік аудандық кітапханамен бірлесе отырып, «Жылдар мен мұңдар»
 атты библио-күнтізбе акциясын өткізді. Шара барысында орталық алаңда 
қала тұрғындарына жадынамалар таратылып,жас ақындар тәуелсіздіктің 
жолында жандарын құрбан еткен Желтоқсан құрбандарына арнау 
жазған белгілі қазақ қаламгерлерінің туындыларын рухтана оқыды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жаңа түскен  әдебиеттерге виртуальды шолуын ұсынады.Біздің кітап қорымызға шахмат үйренудің сан түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар,оның қыр-сырын үйренудің түрлі жолдары жазылған «Шахматы для детей», «Шахматы,Большой самоучитель»,ағылшын тілін үйренуге арналған иллюстрациялармен көркемделген кітаптар,оған қоса жас бүлдіршіндерге арналған «Қазақ ертегілерінің» 2 томдығы,қазақ жазушыларының қызықты да мағыналы әңгімелер кітабы келіп түсті.Жаңа кітаптар кітап сөрелерінде өз оқырмандарын күтуде.Құрметті модельдік балалар кітапханасының оқырмандары,сүйікті кітабыңыздың алғашқы оқырманы болуға асығыңыздар!

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Балуан Шолақ мектеп-лицейінің 2"Б" сыныбы оқушыларымен "Кітаптар құрамы" атты кітапханалық сабақ өткізді.Шара барысында кішкентай оқырмандарымызға кітаптың элементтері,кітап түрлері,оның пайда болу тарихы туралы қызықты мәліметтер айтылды.Сонымен қатар,бүлдіршіндерге "Балақайлар,сіздер үшін жаңа кітаптар","Біздің елдің атаулы мерейтойлары","Бір ел-бір кітап" сынды кітап көрмелерімен таныстырылды.Мерзімді баспалар бөлімінде балақайлар көздің жауын алатын сан түрлі журналдармен қауышып,шара соңында әр оқушыға "Жас оқырманға жадынама" таратылып берілді



Құрметті оқырмандар,модельдік балалар кітапханасы сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтайды. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.Осы мақсатта "Әлем таныған-Елбасы" атты тарихи-танымдық сағатымызды ұсынамыз. 

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан Республикасы «Ұлттық теңге» күніне орай 
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 4"Б« сыныбы оқушыларының қатысуымен 
еркін форматтағы экономикалық сағатын өткізді.Оқушылар жас шамалары кішкентай болғанымен
 ұлттық теңге мен ұлттық құндылықтар жайында көкейінде жүрген сұрақтарын қойып.бірінен-бірі асып түсіп теңге және әлемдік валюталар жайлы жарыса айтып, 
айрықша белсенділіктерін танытты.Кітап көрмесіндегі балаларға арналған қаржы туралы
 кітаптарға қызығып,кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 
болғысы келетіндерін айтып,қуаныштарын жасырмады.

Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады...

Модельдік балалар кітапханасының мамандары «Хәрри Поттер» сериясының қазақ тіліндегі тұңғыш басылымына арнап,виртуальды шолуын ұсынады. Әлемдік  балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер» топтамасының «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас»,«Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны», «Хәрри Поттер мен от-сауыт» атты кітаптары тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген еді.
Айта кетейік, британ жазушысы Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер мен оның сиқыр әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде басып шығару құқығы Steppe & WORLD Publishing баспасына тиесілі. Әлемдік бестселлердің қазақ тілінде сөйлеуі – үлкен нәтиже. Модельдік балалар кітапханасының оқырмандары да дүниежүзілік кітапсүйер қауымның жүрегінен айырықша орын алған Хәрри Поттер сериясының қалған кітаптарын асыға күтетініне сенеміз.



Модельдік балалар кітапхана мамандары арнайы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларымен "Осенняя мозаика" атты күзгі шығармашылық сағатын өткізді.Шара барысында  кітапхана мамандары күз туралы,күздің көріністер,күзгі табиғи құбылыстар ,күзгі көкөністер мен жемістері жайлы,олардың пайдасы хақында ақпараттар беріп,журналдар мен кітаптардан суреттер көрсетті. Шығармашылық кезеңінде оқырмандар қайшы,желім,қағаздар арқылы әр түрлі мүсіндер мен кескіндемелер жасады. 

Модельдік балалар кітапхана мамандары арнайы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларымен "Осенняя мозаика" атты күзгі шығармашылық сағатын өткізді.Шара барысында  кітапхана мамандары күз туралы,күздің көріністер,күзгі табиғи құбылыстар ,күзгі көкөністер мен жемістері жайлы,олардың пайдасы хақында ақпараттар беріп,журналдар мен кітаптардан суреттер көрсетті. Шығармашылық кезеңінде оқырмандар қайшы,желім,қағаздар арқылы әр түрлі мүсіндер мен кескіндемелер жасады. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары назарларыңызға "Сіздер үшін жаңа кітаптар" атты жаңа түскен көркем әдебиеттердің виртуальды кітап көрмесін ұсынады.Кітап көрмесінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығарылған көркем еңбектермен қатар қазақ поэзиясы және проза жанрындағы,сондай-ақ әлем әдебиетінің жауһарларының бірнеше тырнақалды туындылары топтастырылып отыр.Оқыған адамды баурап алатын алтыннан да бағалы шығармаларды оқу үшін алтындай уақыттарыңызды бөліп,біздің кітапханаға келіңіздер.