Дина Нұрпейісова, халық орындаушысы-домбырашы, композитор, қазақ мәдениетінің қайраткері, 160 жаста. Осы күнге дейін қазақ халқының ұлы тұлғаларымен танысу мақсатында Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасы; музыкалық аспаптар мен музыкаға деген қызығушылықты ояту үшін «Күйдің құдіреті» виртуалды - әдеби салон дайындап, әлеуметтік желіге жүктеді.
Модельдік балалар кітапханасының мамандары оқырмандарына халқымыздың аса көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90-жыл толуына орай «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты виртуалды-әдебиеттік композиция дайындады
Кітапхана өмірінде жыл сайын алғашқы әдістемелік кеңесті өткен жылдың қорытындыларына арнау дәстүрге айналды. Биылғы жылы да ерекшелік болған жоқ. Директордың жанындағы әдістемелік кеңестің «2020 жылдың аяғындағы қалалық кітапханалар қызметін талдау» тақырыбында отырысы өтті. Әріптестермен кездесулер барысында есептер талқыланды, әріптестердің белгілі бір бағыттардағы жұмысының оң жақтары аталып өтті, халыққа қызмет көрсету және жеке жұмыс бойынша ұсыныстар берілді. Балалар мен жастардың кітап оқуына басшылық жасау, сондай-ақ интернет кеңістігінде кітапхана қызметін насихаттау жұмыстарына ерекше назар аударылды. Қорытындылай келе, әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.