Модельдік балалар кітапхана мамандары арнайы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларымен "Осенняя мозаика" атты күзгі шығармашылық сағатын өткізді.Шара барысында  кітапхана мамандары күз туралы,күздің көріністер,күзгі табиғи құбылыстар ,күзгі көкөністер мен жемістері жайлы,олардың пайдасы хақында ақпараттар беріп,журналдар мен кітаптардан суреттер көрсетті. Шығармашылық кезеңінде оқырмандар қайшы,желім,қағаздар арқылы әр түрлі мүсіндер мен кескіндемелер жасады. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары назарларыңызға "Сіздер үшін жаңа кітаптар" атты жаңа түскен көркем әдебиеттердің виртуальды кітап көрмесін ұсынады.Кітап көрмесінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығарылған көркем еңбектермен қатар қазақ поэзиясы және проза жанрындағы,сондай-ақ әлем әдебиетінің жауһарларының бірнеше тырнақалды туындылары топтастырылып отыр.Оқыған адамды баурап алатын алтыннан да бағалы шығармаларды оқу үшін алтындай уақыттарыңызды бөліп,біздің кітапханаға келіңіздер.

Дагиман Е. Жас өрендер жарады//BULANDY AQPARAT.- 2021.- 01 қазан.-  3 б.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде қазақтың бағына біткен қарымды қаламгер,қазақ әдебиетінің классигі атанған дарабоз жазушы,ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған "Қаламгердің ұлы мұрасы" атты мәнерлеп оқу сағатын өткізді.Іс-шараға 6"А" сынып оқушылары белсенді атсалысып,"Еңлік-Кебек" пьесасының үзінділерін рөлдерге бөліп оқып,кішкене импровизациялық көрініс те ойнады.Оқушылар қарымды қаламгердің шығармаларымен сусындап,"Қараш-қараш","Көксерек" туындыларының сюжетімен түсірілген фильмдерден көріп-білгендерімен бөлісіп,шағын кітап-көрмесімен танысты.Іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен мектеп кітапханасының кітапханашысына алғыс білдіреміз.

Модельдік балалар кітапханасының мамандары кітап оқуды дамыту мақсатында "Кітап оқу-отбасылық дәстүр" атты виртуальды әдеби-вернисаж ұсынады.Жалпы кітап адамзат қоғамындағы маңызы зор орын алатын құнды дүниелердің бірі. Әдеби вернисажымызға жас оқырман отбасы атсалысып,келешекте өмірлерін кітаппен байланыстырғысы келетіндіктерін жеткізді.Оқыған адамды тылсым тұңғиығына әкететін кітаптарды қолыңызға ұстай отырып "Кітаптың бағасы арзан,іші толған маржан" деп бекер айтылмағанына көз жеткізесіз.Өміріңіздің бір сәтін болсын не өзіңіз кітап оқуға,не отбасыңызбен қызықты кітаптар оқуға арнағыңыз келсе біздің кітапханаға ат басын бұрыңыз! 

Үздіктерге арналған марапат пен тілектер//// BULANDY AQPARAT – 24 қыркүйек. – 1б.

Модельдік балалар кітапханасының мамандары өскелең ұрпақты Отансүйгіштік пен рухшылдыққа,ерлік пен қайсарлыққа жол нұсқау және де өткен тарихтан азды-кемді ақпарат беру мақсатында «Бала құқығы-асыл қазына» атты құқық сағатын өткізіп,елдігіміздің,тәуелсіздігіміздің,азаттығымыздың айғағы болған Ата Заңымызға арналған бейнероликті ұсынады. Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 26 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Қазақстанның ширек ғасырлық кезеңдегі әлемдік аренадағы бейбітсүйгіш, бітімгерлік, теңгерімді қарым-қатынасы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену ұмтылысы Конституция баптарындағы құндылықтардың жемісі деп айтуымызға болады.Елдің болашағы «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан ақын айтқандай жастарымыздың және өскелең ұрпақтың қолында. «Болар бала жасынан» дегендей өз кезегімізде біз де артымыздан ерген жас буынды-балапандарымызды қорғай білейік.Өткенімізді біліп,бүгінімізді бүтіндесек ертеңіміз жарқын болатынына бек сенімдіміз!Жасай берсін,Қазақ елі!