Модельдік балалар кітапханасы мамандары қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға,оқырманды отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке -тәрбиелейтін ғибратты шығармаларың авторы,жалпы қазақ жұртшылығының біртуар зиялысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесіне «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы қойылған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арнап "Кел,балалар,оқылық!" атты әдеби-виртуальды сабағын ұсынады.Жалпы қазақ ұлтының ағартушылық ісіне бел жазбай еңбек еткен Ыбырай Алтынсариннің өмірі,өткені,баға жетпес мұралары бізге үлкен бір аманат десек артық болмас.

Модельдік балар кітапханасы мамандары бұландылық жас ақындармен және 
модельдік аудандық кітапханамен бірлесе отырып, «Жылдар мен мұңдар»
 атты библио-күнтізбе акциясын өткізді. Шара барысында орталық алаңда 
қала тұрғындарына жадынамалар таратылып,жас ақындар тәуелсіздіктің 
жолында жандарын құрбан еткен Желтоқсан құрбандарына арнау 
жазған белгілі қазақ қаламгерлерінің туындыларын рухтана оқыды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жаңа түскен  әдебиеттерге виртуальды шолуын ұсынады.Біздің кітап қорымызға шахмат үйренудің сан түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар,оның қыр-сырын үйренудің түрлі жолдары жазылған «Шахматы для детей», «Шахматы,Большой самоучитель»,ағылшын тілін үйренуге арналған иллюстрациялармен көркемделген кітаптар,оған қоса жас бүлдіршіндерге арналған «Қазақ ертегілерінің» 2 томдығы,қазақ жазушыларының қызықты да мағыналы әңгімелер кітабы келіп түсті.Жаңа кітаптар кітап сөрелерінде өз оқырмандарын күтуде.Құрметті модельдік балалар кітапханасының оқырмандары,сүйікті кітабыңыздың алғашқы оқырманы болуға асығыңыздар!

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Балуан Шолақ мектеп-лицейінің 2"Б" сыныбы оқушыларымен "Кітаптар құрамы" атты кітапханалық сабақ өткізді.Шара барысында кішкентай оқырмандарымызға кітаптың элементтері,кітап түрлері,оның пайда болу тарихы туралы қызықты мәліметтер айтылды.Сонымен қатар,бүлдіршіндерге "Балақайлар,сіздер үшін жаңа кітаптар","Біздің елдің атаулы мерейтойлары","Бір ел-бір кітап" сынды кітап көрмелерімен таныстырылды.Мерзімді баспалар бөлімінде балақайлар көздің жауын алатын сан түрлі журналдармен қауышып,шара соңында әр оқушыға "Жас оқырманға жадынама" таратылып берілді



Құрметті оқырмандар,модельдік балалар кітапханасы сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтайды. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.Осы мақсатта "Әлем таныған-Елбасы" атты тарихи-танымдық сағатымызды ұсынамыз. 


Мерзімді басылымдар   З.Жайнарбек. Рухани келісім – бейбітшілік кепілі // BULANDY AQPARAT – 20 қазан. – 1б.



Мерзімді басылымдар  Куанышева З. Жаңа кітаптар жаңалығы// BULANDY AQPARAT – 20 қазан. – 3б.

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан Республикасы «Ұлттық теңге» күніне орай 
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 4"Б« сыныбы оқушыларының қатысуымен 
еркін форматтағы экономикалық сағатын өткізді.Оқушылар жас шамалары кішкентай болғанымен
 ұлттық теңге мен ұлттық құндылықтар жайында көкейінде жүрген сұрақтарын қойып.бірінен-бірі асып түсіп теңге және әлемдік валюталар жайлы жарыса айтып, 
айрықша белсенділіктерін танытты.Кітап көрмесіндегі балаларға арналған қаржы туралы
 кітаптарға қызығып,кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 
болғысы келетіндерін айтып,қуаныштарын жасырмады.

Cабирова А. Награды лучим знатокам // Акмолинская правда.- 9 октября.- С.3.


Сабырова Ә. Үздіктер марапатталды// АRQA AJARY.- 12 qazan 2021 jyl.4 b.