«Жасай бер тәуелсіз Қазақстаным» тарихи танымдық

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады.

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның тарихи өткеніне, бүгіні мен жарқын болашағына мақтаныш сезімін ояту, рухы мен адамгершілік құндылықтарын нығайту мақсатында Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапхана маманы мектеп -лицейдің 9-сынып оқушыларымен «Жасай бер тәуелсіз Қазақстаным» тарихи танымдық іс-шарасын өткізді. Шара жүргізушісі қатысушыларды тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен таныстырып, тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтты. «Тәуелсіздік тұғыры» атты бейнеролик көрсетілді. Оқушылар «Мен Қазақстан туралы не білемін» викторинасына қатысты. Шара соңында мемлекеттіліктің басты тарихи белестерін ашқан «Тарих кезеңдерін парақтаймыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Мен қазақпын әні орындалды».



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.