Қазақтың ұлттық ойындары — халықтың тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, батырлық пен ептілікті дәріптейтін ерекше мұра. Олар балаларды да, ересектерді де шынықтырып, ой-өрісін дамытады. Модельдік балалар кітапханасында Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Ұлттық ойындар — халық қазынасы» атты ойын алаңы ұйымдастырылды.
Ойын алаңы барысында балалар «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Соқыр теке», сияқты ұлттық ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын көрсетті. Іс-шара жалғасында № 1 жалпы білім беретін мектептің 7«А» сынып оқушылары, Некрасова Екатерина мен Макаревич София сахнаға шығып, «Наз» биін билеп, көрермендерге әсем өнер тарту етті. Көңілді әрі танымдық түрде өткен ойын алаңы балаларға ерекше әсер қалдырды. Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосады.