Модельдік балалар кітапханасында, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Наурыз мерекесінің көктемгі көңіл-күйі» атты мерекелік калейдоскоп өтті.
Іс-шара басында мерекелік шашу шашылды. Бұл мерекелік іс-шарада ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен таныстырылып, балалар мен қонақтарға қазақ халқының бай мәдени мұрасы дәріптелді. Наурыз мерекесіне байланысты ұлттық тағамдар туралы қызықты ойындар ойнатылып, қыздар ұлттық тағамдардың қалай дайындалатының айтып, көрсетті. Оқушылар арасында түрлі ойындар, викториналар ұйымдастырылып, ұлттық әндер мен билер орындалды. Сонымен қатар, кеш барысында Бекмахамбет Кәусар мен Хасенова Альбина көктем туралы тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсетті. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге тәрбиелейді.