Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)

Ертегі тыңдап өскен,ертегі оқыған баланың ой-өрісі кеңейеді.Өйткені ол әрқашан адамды жақсылыққа үйретеді,жамандықтан жирентеді.Ертегі бала қиялын өсіріп адамгершілікке,ізгілікке жол ашады,қаһармандыққа үндейді,қайырымдылыққа,достыққа бастайды.
    Модельдік балалар кітапханасының оқырмандары  «Қазақ халық ертегілері» атты ертегілер калейдоскобына қатысты.Ертегілердің түрлерімен танысты,викторинаға қатысып, «Үйшік» ертегісінен көрініс көрсетті.



Әлихан  Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда казіргі Карағанды облысы Актоғай ауданында дүниеге келген. Ғылымның әр саласын меңгерген ғалым. Әлихан Бөкейханның саяси қызметі Омбыда « Халық бостандығы » партиясына мүше болған кезден басталды. Модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары сіздердің назарларыңызға  «Алаш орданың көшбасшысы» атты  виртуалды тарихи сағатты  ұсынады.