Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)

Модельдік балалар кітапханасының мамандары өскелең ұрпақты Отансүйгіштік пен рухшылдыққа,ерлік пен қайсарлыққа жол нұсқау және де өткен тарихтан азды-кемді ақпарат беру мақсатында «Бала құқығы-асыл қазына» атты құқық сағатын өткізіп,елдігіміздің,тәуелсіздігіміздің,азаттығымыздың айғағы болған Ата Заңымызға арналған бейнероликті ұсынады. Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 26 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Қазақстанның ширек ғасырлық кезеңдегі әлемдік аренадағы бейбітсүйгіш, бітімгерлік, теңгерімді қарым-қатынасы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену ұмтылысы Конституция баптарындағы құндылықтардың жемісі деп айтуымызға болады.Елдің болашағы «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан ақын айтқандай жастарымыздың және өскелең ұрпақтың қолында. «Болар бала жасынан» дегендей өз кезегімізде біз де артымыздан ерген жас буынды-балапандарымызды қорғай білейік.Өткенімізді біліп,бүгінімізді бүтіндесек ертеңіміз жарқын болатынына бек сенімдіміз!Жасай берсін,Қазақ елі! 

Отансүйгіштік сезіміне тәрбиелеу, отан тарихына деген қызығушылықты дамыту, еліміздің негізгі заңы туралы білімді тереңдету мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары  әлеуметтік желіде «Конституция - Тәуелсіздік негізі» атты виртуалды құқықтық экспрессін дайындап жүктеді