Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде қазақтың бағына біткен қарымды қаламгер,қазақ әдебиетінің классигі атанған дарабоз жазушы,ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған "Қаламгердің ұлы мұрасы" атты мәнерлеп оқу сағатын өткізді.Іс-шараға 6"А" сынып оқушылары белсенді атсалысып,"Еңлік-Кебек" пьесасының үзінділерін рөлдерге бөліп оқып,кішкене импровизациялық көрініс те ойнады.Оқушылар қарымды қаламгердің шығармаларымен сусындап,"Қараш-қараш","Көксерек" туындыларының сюжетімен түсірілген фильмдерден көріп-білгендерімен бөлісіп,шағын кітап-көрмесімен танысты.Іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен мектеп кітапханасының кітапханашысына алғыс білдіреміз.