Модельдік балалар кітапханасының мамандары Қазақстан Республикасы «Ұлттық теңге» күніне орай
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 4"Б« сыныбы оқушыларының қатысуымен
еркін форматтағы экономикалық сағатын өткізді.Оқушылар жас шамалары кішкентай болғанымен
ұлттық теңге мен ұлттық құндылықтар жайында көкейінде жүрген сұрақтарын қойып.бірінен-бірі асып түсіп теңге және әлемдік валюталар жайлы жарыса айтып,
айрықша белсенділіктерін танытты.Кітап көрмесіндегі балаларға арналған қаржы туралы
кітаптарға қызығып,кітапханамыздың тұрақты оқырмандары
болғысы келетіндерін айтып,қуаныштарын жасырмады.