Модельдік балалар кітапханасы, "Кітаптар құрылымы" кітапханалық сабақ

Модельдік балалар кітапханасының мамандары Балуан Шолақ мектеп-лицейінің 2"Б" сыныбы оқушыларымен "Кітаптар құрамы" атты кітапханалық сабақ өткізді.Шара барысында кішкентай оқырмандарымызға кітаптың элементтері,кітап түрлері,оның пайда болу тарихы туралы қызықты мәліметтер айтылды.Сонымен қатар,бүлдіршіндерге "Балақайлар,сіздер үшін жаңа кітаптар","Біздің елдің атаулы мерейтойлары","Бір ел-бір кітап" сынды кітап көрмелерімен таныстырылды.Мерзімді баспалар бөлімінде балақайлар көздің жауын алатын сан түрлі журналдармен қауышып,шара соңында әр оқушыға "Жас оқырманға жадынама" таратылып берілді





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.