"Тағдырға толы таңғажайып өлкем" өлкетану квесті
     

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жас оқырмандарға танымдық және шығармашылық міндеттерді шешуден қуаныш сезімін сыйлау.туған өлкені таныту,Отанға,елге және жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ойын арқылы табиғат ғажайыптарын ұғындыру мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы,сонымен қатар "Балалар жылы" аясында "Тағдырға толы таңғажайып өлкем" атты өлкетану квестін ұйымдастырды.

Квест ойынның негізгі міндеті - ойын арқылы туған өлкенің ғажаптығын сезіну.Оқырмандар сол міндетті орындады деуге болады.Себебі,тапқырлық пен білімді,жылдамдық пен ұшқырлықты,командалық бірлік пен қызығушылықтың арқасында "Оқжетпес" және "Таңғажайып оқушылар" командалары «Туған өлке» мозайкасы,Табиғатты «Айгөлекпен» бірге білейік! сияқты шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ достық пен топтық бірлікке деген сезімді нығайтуға арналған интеллектуалдық, білгірлік бағыттағы сан қилы формадағы түрлі тапсырмаларды орындап,өзара сайысқа түсті.Іс-шараның көркін келтірген жас оқырмандар Коворкинг орталығын қуанышқа бөлеп,тамаша әсермен тарқасты.









Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.