Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
"Парақта,оқы - әлемді таны" библиомикс


Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру,жаңа түскен әдебиеттерді оқырман назарына ұсыну,таныстыру,оқырман мен кітапты қауыштыру мақсатында "Парақта,оқы - әлемді таны!" тақырыбында библиомиксін ұсынды.Осы жолы келіп түскен кітаптардың біз үшін орны да,жанры да ерекше.Себебі "Big Dream" мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы,камерасы бар мобильді құрылғының көмегімен интерактивті анимациялы кітаптарды жандандыруға болады.Одан кейін қосымшаларды қосып, кітаптардың бетіне жақындату керек. Сонда дыбысы бар видеоақпарат беріледі немесе 3D форматында суреттер бейнеленеді. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде мағлұмат береді Кітаптар ойын, яғни қимыл-қозғалыс, дыбыс әрі көрікті сурет түрінде болғандықтан балаларға мәліметті жылдам есіне сақтауға мүмкіндік береді.3Д-анимациясының арқасында кітап беттеріндегі кейіпкерлер жанды кейіпке енеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы» сынды бағыттарды да қамтыған. Іс-шараға қатысқан оқырмандар аса бір қызығушылықпен кітаптарды 3 D анимациясында кезек-кезекпен өз көздерімен көріп,қуанышты көңіл-күйде тарқасты.Кітап мазмұнының ерекшелігі барлық жастағы оқырмандарды бей-жай қалдырмайтынына сенімдіміз.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.