Наурыз айы тамаша мерекелер айы, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Наурыз мейрамы. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы. Орталық модельдік аудандық кітапханада «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында «Наурыз – ұлы даланың ұлы мерекесі» салт-дәстүр сағаты өтті.
Ісшараға: ардагерлер кеңесі, «Ақ жаулық» вокалдық тобы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары, «Айналайын» клубының мүшелері қатысты. Мереке шашу дәстүрімен басталды. Ісшара жүргізушісі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тоқталды. Қонақтар ұлттық ойындарды, «Ұрпақтан-ұрпаққа» байқауын өткізуге белсене қатысып, бесбармақтың қамырын илеп, жайю шеберліктерін көрсетті. Апалар өз тәжірибесін жас қыздарға көрсетті. Кітапхана маманы көрпе тігуді кезең-кезеңімен көрсетіп, «Баба дәстүрін сақтаймыз» атты шеберлік сабағын өткізді.
«Ақ жаулық» вокалдық тобының орындауында халық әндері шырқалды. «Ежелгі мереке әуені» көрме - калейдоскопы жасалып, шолу өткізілді. Ісшара соңында әдемі төселген дастарханда ұлттық тағамдар қойылып, шай ішумен жалғасты.