"Толғанысқа толы тағдыр" - флешбук

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқырман қауым! Заманымыздың заңғар ойлы, зергер зейін­­ді, зиялы жазушыларының бірегей жампозы. жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік ағамызға арналған «Толғанысқа толы тағдыр»  библио-флешбугіне қош келдіңіздер! Төлен Әбдіктің есімі танымал жазушы қайраткерлермен қатар аталып, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған. Төлен Әбдіктің барлық сан қырлы қоғамдық қайраткерлік және шығармашылық іс-әрекеті қазақ халқының әлемдік өркениетті мәдениетпен танысуы және жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.


Кіріспе бөлімде жазушы туралы кіріспе сөз,өмірімен таныстыру. 


Қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген."Әкем мен шешем кәдімгі, қарапайым адам болатын. Елге белгілі адам емес, бірақ әркімнің ата-анасы өзіне өте қымбат қой. Ол сені дүниеге әкелді, өлшеусіз жақсы көрді, сен үшін жанын қиюға бар. (...) Әке-шешем мені шексіз жақсы көретін. Өйткені мен жалғыз бала болдым", - дейді Төлен Әбдік ата-анасы жайлы.
Шығармалары.Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1]
Сонан бергі кезеңде
  • “Көкжиек” (1969)
  • “Күзгі жапырақтар” (1971)
  • “Ақиқат” (1974)
  • “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
  • Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985)
  • “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.
  • “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.
  • “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2]
Жеке қасиеттері. Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
Марапаттары
  • 2002 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
  • 2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы және алтын медалі.
  • 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
  • Қазақстанның ПЕН клубы сыйлығының иегері.
  • 2013 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат ордені берілді.
Негізгі бөлім. Т.Әбдікұлының тұлғалық көрінісі. Бейнекөріністен мағлұмат алу.
Қорытынды бөлім. Төлен Әбдікұлының шығармаларын,соның ішінде кітаптарының не жайында екені таныстырылады.
Автор идеяларыШығарма атауы
Жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық, жаман іс-әрекеттер мен жауыздықтың түп-төркіні - ой мен соны іске асыратын қол.«Оң қол» әңгімесі
Әр адам өзгені тану үшін өзін тану қажеттілігі. Қанша мықты адам болса да өзін тани алмаса, өмірден бос өткені анық.«Бассүйек» әңгімесі
Ұрпақтың ұлттық құндылықтардан айырылу, өзге ұлтқа үйленген жастардың тағдыры және тілден айырылуы«Қонақтар» әңгімесі
Билік ол қашанда билік, адам оның құлы болып кеткенін одан айрылғанда түсінеді. Түсінген сәтте барлығы өз бояуын басқа бояумен араластырып, сіңіп кеткенін ғана көріп, «Қап!» деп санын соғумен аяқталады.«Қайырсыз жұма» әңгімесі




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.