Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
"Менің сүйікті кітабым" - әдеби круиз

Модельдік балалар кітапханасында 2023 жылғы мерейтой иелері жазушылар мен ақындарға құрмет көрсету, кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастарды кітап оқуға баулы, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткізілетін Кітап апталығы жалғасуда.

Бүгінгі тақырып Қазақстанның халық жазушысы,ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл және балалар жазушысы Виктор Юзефович Драгунскийге арналды.Шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы дайындап келген ақпараттарымен бөлісіп,артынша осыған байланысты қызықты сұрақ-жауап ойынын өткізді.Өз кезегінде өлеңсүйер оқырмандар Мұзафар Әлімбаевтың белгілі өлеңдерін жатқа оқыды. Виктор Юзефович Драгунский туралы да көптеген мәліметтер оқылып,оның шығармашылығы бойынша ойындар ойнатылды.Қағазда жасырылған ертегі кейіпкерлерінің образын сомдау,шатасқан сөз тіркестерін табу,әріптерден шығарма атауларын құрастыру көпшіліктің көңілінен шығып,балақайлар шаттыққа бөленді.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.