Жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы дұрыс ақпарат беру – олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге жәрдемдесудің алғышарттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, бұл үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана тұлға адамгершілікке жат қылықтардан алшақтай бастайды, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермейді.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы.
Осыған орай Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қараөзек ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" атты ақпарат сағаты өтті.
Сейтхан Б.
Қараөзек ауылдық кітапханасының кітапханашысы