1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Ырыс қайда барасың? Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөзді ту еткен халқымыз береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында өмір сүріп келеміз.
Бір шаңырақ астына жиналған ұлт пен ұлыс өкілдеріне қамқорлық ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Қазақстан халқының бірлігі күні - еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы мерекеде Бұланды ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қараөзек ауылдық кітапханасы оқырмандармен «Шаңырақ шаттығы» атты тарихи сағатын өткізді.