«Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» хабарламалар сағатын өткізді

Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы. Ақша отбасының байлығын ғана емес, мемлекеттің әл-ауқатын да анықтайды. Қазақстанның Ұлттық валютасы күніне орай модельдік орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» атты қызықты хабарламалар сағатын өткізді.

Шараға N2 орта мектептің оқушылары қатысты. Шара жүргізушісі  қазақ валютасының жасалуының және оның еліміздегі дамуының тарихи сәттерін айтып берді. Шара барысында «Теңгенің тарихы» слайдтары көрсетіліп, «Шетел валютасын тауып көр» ойыны және «Мен теңге туралы не білемін» викторинасы өткізілді. Ұлттық валютаға арналған энциклопедиялар, анықтамалықтар, кітаптар, газет мақалалары қойылған «Теңге – ұлттық валюта» атты көрме ұйымдастырылды.


 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.