Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
«Шын жүректен алғыс айтамыз» - естелік кеші

1 наурыз - Қазақстан Республикасының алғыс айту күні.  Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұланды орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің орталық модельдік аудандық кітапханасында «Шын жүректен алғыс айтамыз» атты естелік кеші өтті. Іс-шараға: аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Ісшараға қиын кезеңдерді отбасылары бастан өткерген еңбек ардагерлері қатысты. Сол жылдары жер ауысып келген  иммигранттарды  қазақстандықтар қалай отбасыларына қабылдағаны туралы еске алынды. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Федотова С.М. Қазақстан халқына деген ризашылығы мен өз алғысын білдіре отыра,  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған өз өлеңін оқып берді. Германияда тұратын жерлесіміз Шрайнер Н.С. алғыс күніне арналған видео құттықтауын жолдады.  «Халықтың күші бірлікте» атты кітап көрмесі жиналғандар назарына ұсынылды. 






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.